ҚР Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауы бойынша талқылау

2017 жылдың 31 қаңтар күні, Астана қаласы Гуманитарлық колледжінің оқытушылары мен қызметкерлеріне ҚР Президентiнiң Қазақстан халқына арналған «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» жолдауын талқылау бойынша Астана қаласының Мәслихат депутаты Аюпов Аман Бляловичтің  қатысуымен жиналыс өткізілді.

Послание Президента

Жиынның басында колледж директоры Жүсіпов Әділхан Шаймағамбетұлы Елбасының Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында айтылған қағидаларын іске асыру туралы баяндады. Жаңа бағдарламалық құжат Елбасы саясатының жаңа шынайылық жағдайында өмiр сүру деңгейiн жақсартуға бағытталған қисынды жалғасы екенiн атап өттi.

«Нұр Отан» ХДП «№3 студенттер жатақханасы» бастауыш партия ұйымының төрайымы Қоянбаева Нұргүл Қайратқызы ҚР Президентiнiң Қазақстан халқына арналған «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» жолдауы туралы баяндама оқыды.

Послание

Талқылау барысында, Астана қаласының Мәслихат депутаты Аюпов Аман Блялович  ҚР Президентiнiң Қазақстан халқына арналған жолдауы бұл біздің еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсудің жаңа моделін құру деп айқындады. Негізгі бағдарламалық құжатта  мемлекеттік дамудың жақын  жылдардағы маңызды басымдылығы  атап өтілген.