«Табысты менеджер — 2017»

2017 жылдың 7-8 желтоқсан күндері Алматы қаласында «Табысты менеджер — 2017» Республикалық байқауының үшінші кезеңі өтті.

Астана қаласынан біздің басшымыз Гуманитарлық колледж директоры Әділхан Шаймағамбетұлы Жүсіпов қатысып, байқаудың барлық 6 тапсырмасын табысты орындады:

  1. «Мен табысты басшымын»-интербелсенді таныстырылым.
  2. Жоба қорғау: «Табысты білім беру ұйымының заманауи моделі».
  3. Шығармашылық көрме.
  4. Басқару жағдаяттарын шешу.
  5. «Заманауи басшы: табыс формуласы» тақырыбындағы эссе.
  6. «Басқарудағы менің жетістіктерім» — бейнебаян.

Әділхан Шаймағамбетұлын «Табысты менеджер-2017» Республикалық байқауында жеткен жетістігімен және жүлделі ІІІ орнымен құттықтаймыз! Толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!