2017 жыл 23 желтоқсан

2017 жылдың 23 желтоқсан күні Гуманитарлық колледжде Қазақстандағы Мектепке дейінгі  тәрбие мен оқытудың 100 жылдығына орай ,«Мектепке дейінгі білім берудегі:  жаңашылдық, инновация, ізденіс» тақырыбындағы мектепке дейінгі ұйым  қызметкерлерінің қалалық  ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференцияның пленарлық отырысында Астана қаласы білім басқармасының «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің бас маманы Л.М. Алеуханова құттықтау сөз сөйлеп, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің п.ғ.к., профессоры Ф.Н.Жұмабекова және  мектепке дейінгі бөлім меңгерушісі Р. Кожахметова баяндама жасады.

Конференцияда 124 жұмыс тыңдалды. Конференцияның қорытындысы бойынша қатысушылар Астана қаласы Білім басқармасының дипломдарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.