Колледж педагогтарының дәстүрлі Қаңтар конференциясы

2018 жылдың 15 қаңтар күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында  колледжде «Мамандарды кәсіби даярлау үрдісінде «Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру» тақырыбындағы колледж педагогтарының дәстүрлі Қаңтар конференциясы өтті. Конференцияда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» — «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту»  мақаласы талқыланды. Пленарлық отырыста баяндама жасаған қоғамдық пәндер оқытушылары Г.С.Капасова, Б.О.Оралтай, педагогика пәнінің оқытушылары Н.А.Балабекова, А.А.Кусаинова «Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеяларын мамандарды кәсіби даярлауда жүзеге асыру жолдары туралы ашып көрсетті. Конференцияның практикалық бөлімінде «НЗМ» ДББҰ ПШО курстан өткен оқытушылар 4 шеберлік сыныбын өткізіп, 18 фокус-топ сабақтарды зерттеу бойынша есеп берді.