«Ұстаздық ету – талабы
қашанда таусылмайтын,
заманы ешқашан ескірмейтін кәсіп»
Халық даналығы

Астана қаласы Білім басқармасының «Гуманитарлық колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын жыл сайын жүздеген педагог мамандар бітіріп, білім саласында еңбек етуде. Ашу

«Критериалды бағалау стратегиясын енгізу» Абдулова А.Г.

 

«Негізгі орта білім» мамандығының «Информатика мұғалімі» квалификациясы онкүндігі 2018 жылдың 13-27 наурыздын аясында информатика оқытушысы Абдулова А.Г. колледж оқытушылары үшін білім мазмұнын жаңарту жағдайында критериалды бағалау стратегиясын енгізу ерекшеліктері бойынша 3 коучингтік сессия өткізді.

«Янка Купала атындағы Гродно мемлекеттік университеті»

28-30 наурыз күндері Гуманитарлық колледжде білім беру саласында халықаралық ынтымақтастық орнатылған Беларусь Республикасы Лида қаласы «Янка Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетінің» білім беру мекемесі Лидский колледжінің делегациясы болды. Үш күндік бағдарлама маңызды іс-шараларды қамтыды. Қонақтар аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясына, оқу сабақтарына қатысты, практика базасы №54 «Нұр-ай» балабақшасын, №76 мектеп-лицейін, Гуманитарлық колледждің «Педагогикалық шеберлік», «Ғибрат» ғылыми-әдістемелік орталығын аралап, студенттермен кездесті. Лидский колледжінен келген әріптестеріміз филология ғылымдарының кндидаты, бірінші санатты оқытушы Митюкова Е.А., экономика ғылымдарының магистры, жоғары санатты оқытушы, әдіскер Утова А.В. аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясында баяндама жасап, жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, қаладағы политехникалық колледж оқытушыларымен кездесулер және экскурсиялар ұйымдастырылды. Делегацияның іс-сапары қонақтар мен колледж оқытушыларының іс-шаралардан алған әсерлерімен бөліскен және жаңа бірлескен жобаларды құрудағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланған дөңгелек үстелмен аяқталды.