Қазақстан Республикасының рәміздер күні

Қазақстан Республикасының рәміздер күнінен орай, Астана қаласы Гуманитарлық колледжінде салтанатты лездемені, өзінің құттықтау сөздерімен директордың инновациялық технологиялар жөніндегі орынбасары Аубакирова Райхан Шариповна ашты.

1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылданған болатын. Мемлекеттік рәміздеріміз – Ту, Елтаңба, Әнұран.Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрыкша арман — мақсатын, басқалармен байланыс — мұратын білдіретін белгі.

Студенттер мерекелік лездемеге жауапкершілікпен дайындалды, әр топ мемлекеттік рәміздер жайында өлеі-жырларымен ұрандатып отырды, мерекелік әндері мен флешмоб өнерлері тамашаланды.

Қазақстан — туымен тұғырлы. Елтаңбасымен еңселі.Әнұранымен айбарлы. Әр қазақстандық мемлекеттік рәміздер баға жетпес құндылық ретінде бағалап, қадірлеуі тиіс.