Директордың блогы

Нұрланов Елдос Болатханұлы
 

Астана қаласы Білім басқармасының «Гуманитарлық колледжі» МКҚК-ның директоры.

Елдос Болатханұлы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Құқықтану» мамандығы («Халықаралық заңгер» біліктілігі, 2002ж.) бойынша, Экономика және бизнес пәндері оқытушыларын қайта даярлаудың «Education Network Academy» бағдарламасын (USAID, 2004ж.) және Omniversity экономика магистратурасын (Мобил қ., АҚШ, 2007ж.) аяқтады. Мектеп пәндерінен оқу-әдістемелік жинақтарды бейімдеу жөніндегі Қазақстан-Ресей жобасын орындаушылардың бірі (2003–2007жж.). ҚР БҒМ-нің тізіміне енген мектеп оқулықтарының редакторы (2005–2006жж.). 2007ж. ЖОО-ның үздік оқытушысы, п.ғ.к. А.Қ. Қисымованың біртұтас педагогикалық процесті технологияландыру тұжырымдамасының ғылыми ассистенті (2007–2011жж.) және бірлескен авторы (2011ж.). «Астана ақшамы» газетінде әлеуметтік-құқықтық мәселелерге арналған «Сауалына – Жауабы» бағанының авторы (2012–2013жж.), «Шын Ілім» республикалық ақпараттық-танымдық, қоғамдық-мәдени және ғылыми-әдістемелік журналы редакция алқасының төрағасы (№1, 2011) және осы журналдың 2-санын шығаруға жауапты тұлға (2011–2012жж.). Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының іргелі және қолданбалы ҒЗЖ жөніндегі жобаларының бірлескен орындаушысы (2013–2014жж.). Алматы қ., Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартының жобасын талқылауды ұйымдастыру тобының мүшесі (2013–2014жж.). Бұрын Қарасай құқық колледжінде, Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы колледжінде, «Дәуір» РПБК жанындағы «Дәуір–Кітап» баспасында, ҚР БҒМ-нің «Бөбек» ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК-да, Астана қ. әкімдігінің «Астана хабары» газетінің редакциясында, «Астана ақшамы» газетінің редакциясында, Астана қ-сы №58 мектеп-гимназиясында, ҚР БҒМ-нің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында еңбек етті. 3 әдістемелік құрал, білім, тәрбие және өзге әлеуметтік-экономикалық мәселелерге арналған 30-дан астам мақала авторы. Астана қ-сы Ішкі саясат басқармасының бастығы Б.А. Тілеповтің алғыс хатымен (2013ж.), Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы президенті Ж.О. Жылбаевтің алғыс хатымен (2014ж.) марапатталған. Жұмыс саласы: департамент қызметін басқару, оның қысқа және ұзақ мерзімді жоспарларын құру, Орталық атынан мектепке дейінгі білім мәселелері бойынша өкілдік ету, Қазақстанның мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жүйесін жетілдіруге бағытталған жобаларға, кепілдемелер мен ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі жұмысқа жалпы жетекшілік ету.

Сұрақ қою