14 наурыз  – Көрісу күні

«Кел, Наурыз, бірлігі бекем еліме, берекелі жеріме!»

Қазақ халқының көнеден келе жатқан мерекелерінің бірі — Көрісу күні.

Бұл күнді Гуманитарлық колледж ұжымы мен студенттері Наурыз мейрамының ашылу салтанатына «Кел, Наурыз, бірлігі бекем еліме, берекелі жеріме!» атты музыкалық  әдеби – композициялық қойылым қойды, «Наурызнама» — қазақтың ұлттық  спорт түрлері мен ойындарын өткізді, «Дастархан мерейі»  Наурыз жәрмеңкесі, ұлттық сәнді – қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі, алтыбақан маңында жастар айтысы, сахналық көріністер: «Әжелер ауылы», «Инабатты қыздар ауылы», «Жігерлі жігіттер ауылы», «Өнегелі жастар ауылы» қойды, «Наурыз  көже – ұлттық ас» — көпшілікке наурыз көже, бауырсақ, палау таратылды, «Наурыз – дастарханы» оқытушылардың мерекелік дастарханы жайылды.

Мерекелік құттықтау сөздер айтылып, Наурыз мерекесін тойлау басталды, мерекелеу кестесі 1 аптаға белгіленді, жоспар ішінде:

  • Ұлттық спорт ойындары күні,
  • Тоғызқұмалақ пен қазақ күресінен колледжішілік жарыс.
  • Ұлттық биден көпшілік флешмобы.
  • Наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағаттары.
  • Ұлттық ойындар бойынша бөлімдер арасында жарыс.
  • «Наурыздың ақша қарындай» — дәстүрлі сұлулық сайысы.

«Мейірім төгетін ана»

Гуманитарлық колледжде «Өзін-өзі-тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстҝрлі  апталық аясында «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ашу

«Жемқорлықпен күрес»

Құттықтаймыз! «Жемқорлықпен күрес» тақырыбында әділдік, шындық, сатылмайтындық қағидалары бойынша қалалық  «шығарма және сурет байқауы» Жастар Сарайында өтті. Колледжіміздің намысын қорғап 1 орын иеленген Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығының студенттері Жеңісхан Дәуіргүлді, және көрсеткен үздік жетістігі үшін  наминация алған Қайратбек Ақмаралды шын жүректен құықтаймыз! Алар асуларыңызбен бағындырар шындарыңыз биік болсын.

«Табысқа жету қадамдары»

2017 жылдың 15 қараша күні Гуманитарлық колледждің «Янка Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетінің» (Беларусь Республикасы)  білім беру мекемесі Лидский колледжімен ынтымақтастығы аясында «Табысқа жету қадамдары (білім беруде Ашу

Тілдер күніне арналған іс – шара

Тілдер күніне арналған іс – шара туралы ақпарат

2017  жылғы қыркүйектің  22-де колледжімізде Қазақстан халқы тілдер  күніне арналған «The World of Poetry» атты  мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысты ағылшын тілі пәні оқытушысы, Насимолла А.Т ұйымдастырды. Ашу

Білім күніне арналған салтанатты лездеме

Білім күніне арналған салтанатты лездеме 02.09.2017

2017 жылдың 2 қыркүйегінде Астана қаласының Гуманитарлық колледжінде дәстүрлі жаңа оқу жылын бастайтын «Білім күні» мерекесіне арналған салтанатты лездеме болды!
Салтанатты жиынға 2017 — 2018 оқу жылына қабылданған 400-ден астам талапкерлер, ата- Ашу

Сырттай оқу бөлімінде диплом тапсыру рәсімі

15 маусым 2017 жыл  Астана  қаласы Гуманитарлық  колледжінде сырттай  оқу бөлімінде диплом тапсыру рәсімі өтті. Төмендегі мамандықтар  бойынша 135 студентке диплом тапсырылды.

0105000 «Бастауыш білім беру»  мамандығы бойынша 44 студент;

0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша 56 студент;

0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша 35 студент.

Оқуды 14 студент «Үздік» дипломмен аяқтады.

Кәсіби қызметтеріңізге табыс тілейміз!

 

1 2