Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру дәлел». Бұған көне замандағы көрікті қалаларымыз, сән салтанатты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұртартпас айғақ болып табылады. Сондықтанда елбасымыз өзгерістер туралы мін­деттемелерді қозғады, жалпылай алғанда қоғамдық сананы өзгерту, жаңғырту жөнінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жария етті және бұнда рухани саланы, мәдениетті, тілді дамытуды қысым көрсету арқылы немесе күштеп енгізуге болмайды. Ол үшін ұлттық сананы өзгертуіміз қажет, ал бұл дегеніміз — рухани жаңғыруды бүгінгі күннен, жаңаша жасау емес, өткен тарихымызбен, қазақтың барлық ұлттық салт-дәстүрлерімен, ең бастысы, ана тіліміз, әдебиетіміз, мәдениетімізбен, қазақи рухымызмен байланыстырамыз деп ашып айтты. Бұл бағдарламаның халқымызға жаңа рух, жаңа серпін беретіні анық. Бұған тарихымыз да, руханиятымыз да, патриотизм де кіреді. Соның нәтижесінде, болашақта елін, жерін, халқын сүюге қазақша тәрбиеленген нағыз қазақстандық жаңа буын пайда болады.

Ойымды қорытындылайтын болсам, жаңа жағдайдағы рухани жаңғыру баршамыздан жаһандық өзгерістерге және жаңашылдықтарға дайындықты және ұмтылысты қажет етеді. Өйткені, біз айрықша серпінділікпен жылжып жатқан зымыран уақытта өмір сүрудеміз. Сол үшін біз әрдайым дамып, жаңа идеяларды жүзеге асыруымыз қажет. Тек сонда ғана атқарған жұмыстың да қайтарымы болады және біртұтас күшпен біз табысқа жете аламыз. Себебі біз жаңа өмір құрушыларымыз.

Біз біртұтас ұлы ұлттың перзенті екенімізді мақтан тұтуға тиіспіз. Біздің жолымыз айқын: Жаңару арқылы жарқын болашаққа жетейік!

 

Мұқанбетқали Әйгерім

Бастауыш білім беру мамандығының

 ІІІ курс студенті

 

 

2016-2017 оқу жылында кәсіптік практикадағы жетістіктер

Практика барысында білім беріп,  тәрбиелеуге қосқан кәсіби шеберліктері үшін алғыс хатпен колледж мұғалімдері және студенттері марапатталды.

  • Мектепке дейінгі мекеме -18;
  • Мектеп — 9
  • Астана қаласы «АРМАН» спорттық — сауықтыру лагері — 40;

Ашу