«Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» Далабайқызы Индира

2018 жылдың 26 ақпан күні сағат 13:10-да 314 информатика кабинетінде «Негізгі орта білім беру» мамандығының 1ивтк, 2ивтк, 3ивтк топ студенттерімен «Физика және информатика» мамандық күнінде коучинг өтілді.

Тақырыбы: «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау». Коучинг қазақ тілінде өтілді.

Оқытушы: Далабайқызы Индира – Астана қаласы Гуманитарлық колледждің информатика пәнінің бірінші санатты оқытушысы.

«Ұлттық салт-дәстүрді жаңғырту» Мусаева Мадина

2018 жылдың 17 наурыз күні сағат 13:10-да 316 кабинетте «Бастауыш білім беру» мамандығының 2 курс студенттері 2 ка тобымен «Физика және информатика» онкүндігінде тәрбие сағаты өтіледі.

Тақырыбы: «Ұлттық салт-дәстүрді жаңғырту». Тәрбие сағаты қазақ тілінде өтеді.

Оқытушы: Мусаева Мадина Ералиевна – Астана қаласы Гуманитарлық колледждің физика пәнінің жоғары санатты оқытушысы.

Ұлттық биден көпшілік флеш-моб өтті

16.03.2018 жылы Наурыз мерекесінде студенттердің ұлт-жандылық сезімдерін арттыру мақсатында, колледж алаңында ұлттық биден көпшілік флеш-моб ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар Студенттік Парламент белсенділері. Ашылу салтанатында колледж президенті Бешенов Намат пен «АГК Аруы — 2018» Әбілтаева Аружан құттықтау сөзін сөйлеп, әр жас азаматтың бойында еліне деген ұлтжандылықпен, патриотттық сезімнің болуы керектігін атап айтып өтті,  флешмоб биіне колледжіміздің 50 жуық студенті қатысты.

 

 

«АНА – ӨМІРДІҢ ШУАҒЫ» Рахметжанова Гулмария

15.03.2018 күні сағат 15.00 да АКТ зылында «Физика және информатика» бірлестігінің Мамандық күндерінде Информатика пәнінің оқытушысы Рахметжанова Гулмария Бағашарқызының ұйымдастыруымен 1 ивтк және 217 к тобымен «АНА – ӨМІРДІҢ ШУАҒЫ» атты тәрбиелік іс-шара  өткізді

Ұлттық спорт ойындары күні

15.03.2018 жылы Наурыз мерекесіне арналған  Ұлттық спорт ойындары күні болды. Тоғызқұмалақ пен қазақ күресінен колледжішілік жарыс өтті.

Секция жетекшілері     «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының студенттері болды.

 

14 наурыз  – Көрісу күні

«Кел, Наурыз, бірлігі бекем еліме, берекелі жеріме!»

Қазақ халқының көнеден келе жатқан мерекелерінің бірі — Көрісу күні.

Бұл күнді Гуманитарлық колледж ұжымы мен студенттері Наурыз мейрамының ашылу салтанатына «Кел, Наурыз, бірлігі бекем еліме, берекелі жеріме!» атты музыкалық  әдеби – композициялық қойылым қойды, «Наурызнама» — қазақтың ұлттық  спорт түрлері мен ойындарын өткізді, «Дастархан мерейі»  Наурыз жәрмеңкесі, ұлттық сәнді – қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі, алтыбақан маңында жастар айтысы, сахналық көріністер: «Әжелер ауылы», «Инабатты қыздар ауылы», «Жігерлі жігіттер ауылы», «Өнегелі жастар ауылы» қойды, «Наурыз  көже – ұлттық ас» — көпшілікке наурыз көже, бауырсақ, палау таратылды, «Наурыз – дастарханы» оқытушылардың мерекелік дастарханы жайылды.

Мерекелік құттықтау сөздер айтылып, Наурыз мерекесін тойлау басталды, мерекелеу кестесі 1 аптаға белгіленді, жоспар ішінде:

  • Ұлттық спорт ойындары күні,
  • Тоғызқұмалақ пен қазақ күресінен колледжішілік жарыс.
  • Ұлттық биден көпшілік флешмобы.
  • Наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағаттары.
  • Ұлттық ойындар бойынша бөлімдер арасында жарыс.
  • «Наурыздың ақша қарындай» — дәстүрлі сұлулық сайысы.

Колледжде өзін-өзі басқару күні

Мұғалімнің жұмысы — еңбектің еңбегі

Мұғалімнің жұмысы — бұл асыл іс. Бұл мәлімдеменің шынайылығын дәлелдеудің ең жақсы жолы — оны өз тәжірибеңізбен сынау.

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесінің құрметіне – студенттер оқытушылар рөлін алды,  жоғарғы  курс студенттері сабақ өткізді. Мұғалімдер өздерінің оқушыларын, өздерінің кейіпкерлерін жаңа өзгеше рөлде көрді. Іс-шара балалардың көшбасшылық қасиеттерін анықтауға, кәдімгі тәртіптен босатуға көмектесті.  Колледж директорының рөлін Бешенов Намат орындады (3ивтк),  инновациялық технологиялар жөніндегі директордың орынбасары  Мұқанбетқали Айгерім (3 кa) болды,    директордың оқу-әдістемелік ісі-жөніндегі орынбасырының міндеттерін Досанова Қуаныш (3ка) орындады,  директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Сейтгажапаров Елбарс (4 муз) міндеттерін атқарды, Өндірістік практика жөніндегі директордың орынбасырының  рөлін  Қуанышбек Жанар (3 кa),  директордың шаруашылық-ісі жөніндегі орынбасарының міндеттерін Құбайдилдин  Қорған (3 ивтк) , Оқу бөлімінің меңгерушісі рөлін Сейлханова Даян (3 ка) орындады,  мектеп бөлімінің меңгерушісі Бақгелді Бәтима (2 кб), филология кафедрасының меңгерушісі Темирбекова Ұлжан (3пкял)  болды, мектепке дейінгі бөлімінің меңгерушісі Мадина Мұқанова  (217 к ),  шығармашылық бөлім меңгерушісі Айтмағамбетов Алдияр (3 фвк) міндеттерін атқарды.

Таңертең ерте оқушылар өз мұғалімдерін мерекемен құттықтап. Ұстаздарға мерекелік сабақтар ұйымдастырылып, өткізілді. Оқытушыларға 1- сабақты «Өзін-өзі тану» тренингін  жүргізілді, өткізгендер  Қазбекова Гүлжихан  (4 ка) және Жапаров Нұрболат (2пая1),  2 сабақ  «Квест» интеллектуалды сабак болды  өткізгендер Бешенов Намат (3 ивтк), Сейтгажапаров Елбарыс  (4 муз) өткізді. 3 сабақ спорт залында өтті, жауаптылар 3 курс студенттері  Сансызбай Айым (3 ка), Хамитжанова Сания, Исмаханов Нурлат (3фвк), Колесников Владислав (2пфвр1) өткізді.

Өзін-өзі басқару күні сәтті өтті. Студенттік  парламент белсенділеріне өз  алғысымызды білдіреміз.

1 2 3 4 5 17