Білім беру ұйымының тарихы

Астана қаласындағы Гуманитарлық колледж 1944 жылы 6 маусымда Ақмола облыстық исполкомының еңбекші депутаттары шешімі бойынша құрылды. 1922 жылы педагогикалық училище педагогикалық колледж мәртебесін алып, 1997 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасының Білім және мәдениет министрлігінің бұйрығына сәйкес гуманитарлық колледж болып ауыстырылды. 1999 жылдың 26 қыркүйегінен бастап бұл мекеме Астана қаласы Білім беру департаментінің қаулысы бойынша «Гуманитарлық колледж» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны болып бекітілді, осының негізінде мемлекеттік тіркеуге және заңды тұлға ретінде №6353 – 1901 қайта тіркеу заңына сәйкес №6353 – 1901 2001 жылғы 25 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының заңына сәйкес құжаттарды тіркеу міндетіне ие болды. Колледж 2001 жылдың 17 қарашасынан АА №0000300 лицензия сериясы бойынша мемлекеттік білім беру сапасына сай жұмысын бастады.

КОЛЛЕДЖ ТАРИХЫНАН

    

1944 ж. – Ақмоладағы қазақ–орыс тілдерінде оқытатын педучилище ашылды. «Бастауыш сыныптарға білім беру» мамандығы бойынша дайындық басталды.

1961-1963 жж. – «Мектепке дейінгі тәрбие» және «Ән – күй » мамандықтары ашылды.

1980 ж. – Білім беру мекемесіне жаңа ғимарат берілді.

1993 ж. – Педагогикалық училище колледж болып ауыстырылды.

1995 ж. — «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы ашылды.

1997 ж. – Педагогикалық колледж  Гуманитарлық колледж болып ауысты.

1999 ж. — «Мемлекеттік тілде оқымайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы ашылды.

2000 ж.- «Шетел тілі» мамандығы ашылды.

2001ж.—Мәскеу қаласында өткен оқытушылардың білімін жетілдіру курстарына оқытушылар барып білімін жетілдірді.

2001 ж. – «Дене тәрбиесі » мамандығы ашылды.

2002 ж. – Жаңа мамандықтар ашылды: «Технология», » Ән – күй», » Бейнелеу өнері және сызу», «Кітапхана жұмысы», «Есептеу техникасын бағдарламалау және автоматты жүйелеу «.

2002 ж. – Білім беру мекемесі бойынша мемлекеттік аттестация өткізілді.

2002ж. – Санкт-Петербург қаласында өткен оқытушылардың білімін жетілдіру курстарына оқытушылар барды.

2002 ж. – Этнозал, этнокабинет құрылды.

2002 ж. – Колледж ішінде «Педагогикалық жаршы » журналы тұңғыш рет шықты.

2002 ж. —  2002-2004 жылдар аралығында колледждің даму бағдарламасының тұжырымдамасы жасалды.

2004ж. – Колледжге 60 жыл. Колледж тарихы туралы кітап жарық көрді. Колледж оқытушылары жөнінде жинақ шықты.

2004 ж. — «Педагог кадрларды дайындаудың мазмұны мен технологиясы: жағдайы, мәселелері, перспективасы» атты республикалық ғылыми–          тәжірибелік конференция өтті.

2004 ж. – Колледж мұражайы ашылды.

2004 ж. –  Дамыту технологиясын қолдануды оқытудың орталығы құрылды.

2004 ж. – Колледж оқытушылары туралы энциклопедия жарық көрді.

2005 ж. – Колледждің 2005-2007 жылдарға арналған даму бағдарламасы құрылды .

2005 ж. – Оқытушылар галереясы, көрме залы құрылды.

2005 ж. — «Информатика және есептеу техникасы мұғалімі» мамандығы ашылды.

2006 ж. — «Бастауыш сыныптың информатика пәні мұғалімі» мамандығы ашылды.

2007 ж. —  Мемлекеттік аттестация өтті.

2007 ж. — Акт залы мен асханада жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2008 ж. — «Халықаралық жобалар шеңберінде Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға ықпал ету» атты халықаралық семинар-кеңес өтті.

2008 ж. – Колледж қала әкімінің грантын «Үздік колледж» атауымен жеңіп алды.

2009ж. — Кембридж  аймақтық колледжі және Лаборроу  колледждерімен (Ұлыбритания) ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды.

2009 ж. — «Мемлекеттік тілде оқымайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын  оқыту басталды.

2009 ж. —  «Жол картасы» бағдарламасы негізінде 230 оқытушы «Гувернер», «Практикалық психолог» мамандықтары бойынша әзірленді.

2010 ж. — «Жол картасы» бағдарламасы негізінде 50  оқытушы » Мектепке дейінгі мекемедегі тәрбиеші» мамандығы бойынша әзірленді.

2011ж.- «Азиада-2011» қысқы олимпиаданың ашылу салтанатына қатысты іс-шараның өтуіне атсалысты.

2012 ж. — Білім беру мекемесі бойынша мемлекеттік аттестация өткізілді.

2013ж. – «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбие» мамандығы бойынша кабинет жабдықталып, салтанатты түрде ашылды.