Колледж оқытушысының ар-намыс кодексі

Оқытушы колледж Миссиясын жүзеге асыруда өзінің барлық жауапкершіліктерін сезінеді;
Оқытушы студенттердің білімділігі мен мәдениеттілігіне қамқор болады, өз Отанының шынайы патриоты болуға тәрбиелейді;
Оқытушы педагогикалық шеберлігі мен өзінің теориялық білімін үнемі жетілдіріп отыратын кәсіби маман,білім жолындағы ізденісі негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізеді;
Оқытушы парасаттылықтың пен өнегеліліктің үгісі, Қазақстан мемлекеті саясатының белсенді насихаттаушысы, жемқорлық, жауапсыздық пен тәртіпсіздікке қарсы тұрушы;
Оқытушы студенттер мен өз әріптестерін кәсіби бағалауда шыншылдық танытады, қызмет барысында педагогикалық бағытын айқын көрсетеді және өз көзқарасын дәлелдей біледі;
Оқытушы болашақ мамандардың жоғары білім сапасын игеруіне жауапкершілік танытады.