Колледж студенттерінің ар-намыс кодексі

Студент колледж Миссиясын жүзеге асыруда өзінің барлық жауапкершіліктерін сезінеді;
Студент Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, колледж Жарғысы мен ішкі тәртіп Ережесі, оқу-тәрбие үрдісі туралы нормативті-құқықтық құжаттарды біледі және оны сақтайды;
Студент жоғары мәдениеттілікті, сыйластықты, рухани-адамгершілік қасиеттерді сақтап, өзге студенттермен мәдени қарым-қатынаста болады және кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдайды;
Студент оқуға адал және колледж өмірінде қоғамдық жұмыстарда жауапкершілік пен белсенділік танытады;
Студент салауатты өмір салтын сақтайды және жат қылықтардан бойын аулақ ұстайды;
Студент адамдардың шыққан тегіне, ұлтына, әлеуметтік статусына, діни көзқарасына қарамастан құрметтейді.